«University Medical Center» корпоративтік қорының PhD докторантурасы бағдарламасына онлайн-өтінімдер қабылдау ашылды 2026-2027 оқу жылына!
Құрметті үміткер,
2026-2027 академиялық жылға арналған “University Medical Center” КФ “Медицина” 8D10102 “докторантурасының PhD білім беру бағдарламасына түсу үшін алдын ала іріктеудің басталғанын қуана хабарлаймыз.
Өтінім беруге үлгеріңіз!
Іріктеу 03.02.2026 жылдан 08.04.2026 жылға дейін жүргізіледі.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін оқуға түсуші мыналарды орындауы қажет:
1, Порталда https://umc.edu.kz/doktornatura/admissions / тіркеу және Жеке кабинетті құру;
2, Өтінім нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін беру;
3, Тіркеу жарнасын төлеу және өтінім беруді аяқтау.
Маңызды: Барлық талаптар мен қажетті құжаттардың тізімі «Докторантураға түсу» бөлімінде көрсетілген. Құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған жағдайда үміткердің өтінімі қаралмайды.
Комиссия отырысы 08.04.2026ж. 15.04.2026ж. дейін
Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша үміткерді оқуға қабылдаудың екінші кезеңіне жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылданады. Шешім туралы ақпарат комиссия отырысынан кейінгі күні UMC сайтында орналастырылады.
Алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.
Толық ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясына мына телефондар арқылы хабарласуға болады 8 (7172) 70 31 53
Келесі әрекеттер:
Өтініміңіздің мәртебесін қадағалау үшін «UMC» КФ-дан ақпарат жіберілетін электрондық поштаны, сондай-ақ Жеке кабинетті тексеріңіз. Өтінімді тіркеуде немесе беруде проблемалар туындаған жағдайда, ЖСН (ҚР азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген Applicant ID нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, phdadmissions@umc.org.kz) электрондық мекенжайына сұрау жіберуді сұраймыз.
Ескертпе: докторантураға түсуге үміткерлердің екінші кезеңде «магистр» дәрежесі және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі болуы немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтауы тиіс.
Сәттілік тілейміз!