UMCдегі PhD докторантура бағдарламасы медицина саласында тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу және академиялық мансапты дамыту үшін тереңдетілген даярлықты ұсынады. Бітірушілерге философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі.
| Докторантураның білім беру бағдарламасы | 8D10102 «Медицина» |
| Бағыты | Ғылыми-педагогикалық бағыт |
| Оқу мерзімі | 3 жыл |
| Оқыту нысаны | Күндізгі |
| Кредит | 180 |
| Алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар |
|
| Докторантура түлегіне берілетін дәрежe | Философия докторы (PhD) |
Үміткерлер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:
PhD (докторантура) бағдарламасына өтінім беру тәртібі:
Алдын ала іріктеуге арналған құжаттар тізбесі
Докторантураның PhD білім беру бағдарламасы бойынша оқуға жүргізілген алдын ала іріктеу нәтижелері докторантураға конкурсқа қатысуға жіберу немесе жібермеу болып табылады.
Мақсаттар туралы мәлімдеме
Мақсаттар туралы мәлімдемеде, үміткер өзін зерттеуші ретінде таныстыру және PhD докторантурада оқуға өзінің дайындығын көрсету қажет. Сіздің біліміңіз бен академиялық дайындығыңыз сіздің ғылыми қызығушылықтарыңыз бен зерттеу тәжірибеңізді қалыптастыруға қалай әсер еткенін, докторантурада оқу мақсаттарыңыз қандай екенін және алдыңғы ғылыми тәжірибеңіздің осы мақсаттармен қалай байланысты екенін сипаттаңыз. Бірнеше зерттеу жобаларын қысқаша атауға болады, бірақ бір негізгі зерттеу тәжірибесіне баса назар аудару керек: ғылыми сұрақты немесе зерттеу тақырыбын белгілеңіз, оның медицина үшін маңыздылығын негіздеңіз, гипотезаларды тұжырымдаңыз, оларды тексеру әдістерін, алынған нәтижелерді немесе күтілетін нәтижелерді сипаттаңыз, сондай-ақ бұл нәтижелерді түсіндіруді, бұл ретте проблемалар мен идеяларды талдауға ғылыми тәсілді қолдана алатынын көрсете отырып
Зерттеу ұсынысы
Зерттеу ұсынысында болашақ докторлық зерттеудің нақты идеясын ұсыну қажет. Құжат сіздің өткен тәжірибеңізге емес, жоспарланған ғылыми жұмысқа бағытталуы тиіс. Сіз зерттеуді ұсынып отырған медицина саласындағы өзекті ғылыми проблеманы сипаттап, оның ғылыми және практикалық маңыздылығын негіздеңіз. Зерттеудің мақсатын, тексерілуі тиіс негізгі зерттеу сұрақтарын және/немесе гипотезаларды тұжырымдаңыз. Зерттеу дизайнын, іріктемені (қажет болған жағдайда), деректерді жинау әдістерін және оларды талдау тәсілдерін қоса алғанда, зерттеудің болжамды әдіснамасын егжей-тегжейлі сипаттаңыз. Күтілетін зерттеу нәтижелерін және олардың медицина ғылымын дамытуға қосқан үлесін көрсетіңіз, сондай-ақ докторантура шеңберінде зерттеудің мүмкін болатын шектеулерін және оның іске асырылуын түсінуді көрсетіңіз.
«Денсаулық сақтау» білім беру саласындағы докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтиханын UMC дербес өткізеді. Бұл ретте оқуға түсуші өзі түсетін «Денсаулық сақтау» білім беру саласындағы докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтиханын тапсырады.
Түсу емтиханы күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін және 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін өткізіледі. Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.
Докторантураға түсуге арналған құжаттар тізбесі:
Докторантураға қабылдау екі кезеңде жүргізіледі: алдын ала іріктеу және түсу емтихандары.
I кезең – Алдын ала іріктеу
II кезең – Түсу емтиханына құжаттарды қабылдау
Құжаттарды қабылдау:
Түсу емтихандарын өткізу:
III кезең – Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурс
IV кезең – Қабылдау
Жаңа студенттер үшін бағдарлау апталығының басталуы: күні кейінірек жарияланады.
Сабақтың басталуы: күні кейінірек жарияланады.
2026 - 2027 -оқу жылына арналған оқу құны:
Ақы төлеу екі траншпен жүргізіледі: егер қосымша келісімдерде (және жеке кестелерде) өзгеше көзделмесе, күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін оқу құнының 50% -ы мөлшеріндегі 1-транш және келесі күнтізбелік жылдың 01 ақпанына дейін оқу құнының 50% -ы мөлшеріндегі 2-транш.
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тұран даңғылы,38
UMC “Жүрек орталығы”
Тел: 8 (7172) 70-31-53
E-mail: umc@umc.org.kz
Запись на кт/мрт