University Medical Center-де (UMC) 2026 жылғы резидентура түлектерінің оқуын аяқтау рәсімі өтті. Биыл резидентураны 18 мамандық бойынша 110 дәрігер тәмамдап, диплом алды.
Түлектер қатарында кардиология, анестезиология және реаниматология, радиология, онкология, эндокринология, неврология, неонатология, хирургия, офтальмология, травматология және ортопедия, урология, кардиохирургия, ревматология, оториноларингология, медициналық генетика және басқа да бағыттар бойынша білім алған жас мамандар бар.
UMC-дегі резидентура бағдарламасы теориялық білімді клиникалық тәжірибемен ұштастырады. Болашақ дәрігерлер оқу барысында тәжірибелі тәлімгерлерден тағылым алып, заманауи технологиялармен жұмыс істейді және күрделі клиникалық жағдайларды басқару дағдыларын меңгереді.
Резидентураны сәтті аяқтаған барлық түлектерді құттықтаймыз! Ел денсаулығын нығайту жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, кәсіби жолдарыңыз табысты басталсын. Науқастардың сеніміне ие болып, медицина саласының дамуына өз үлестеріңізді қоса беріңіздер.


