Аталған күннің басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға барынша көп адамды шақыру және әрқайсымыздың ғаламшаррымыздың жағдайына жауапты екенімізді еске салу.
Осы атаулы күнге орай UMC-де 20-25 сәуір аралығында «UMC Go Green» апталығы өтуде.
Біздің мақсатымыз: экологиялық сананы арттыру, ресурстарды үнемдеу және тұрақты клиникалық тәжірибелерді дамыту.
«UMC Go Green» апталығының бағдарламасында:
* Эко-челлендж «Лифт демалады – біз қозғалыстамыз!»
UMC қызметкерлерін мүмкіндігінше бір апта бойы лифтіден бас тартып, баспалдақты таңдауға шақырамыз. Бұл — көбірек қозғалу, денсаулыққа көңіл бөлу, энергияны үнемдеу және табиғатқа қамқорлық жасаудың қарапайым жолы.
* LikeKomek бокстарын орнату
UMC-дің 3 орталығында LikeKomek арнайы жәшіктері орнатылды. Бұл жоба қажетсіз заттарға жаңа өмір сыйлап, көмекке мұқтаж жандар мен көмектесуге дайын адамдарды байланыстырады.
* Ақпараттық сессия және деректі фильм көрсетілімі
Денсаулық сақтау жүйесінің экологияға әсері айтарлықтай, себебі медицина – жоғары технологиялық сала. Осыған байланысты UMC-де:
* қызметкерлердің климаттың адам денсаулығына әсері туралы білімін арттыру;
* пациенттерге қарапайым экологиялық шешімдер жайлы ақпарат беру;
* тұрақты экологиялық мәдениетті дамыту жоспарланған.
* «Жасыл әлем балалар көзімен» балалар суреттері мен қолөнер байқауы
Бұл байқау UMC клинкаларында жатқан кішкентай пациенттерді экология тақырыбымен таныстыруға бағытталған. Қатысушылардың жұмыстары Ана мен бала орталығы мен Диагностика орталығы арасындағы галереяда және Жүрек орталығының холлында ұсынылған.
* «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік
UMC клиникаларының аумағын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында сенбілік ұйымдастырылады.
UMC-де экологиялық қағидалар жүйелі түрде енгізіліп келеді:
-ресурстарды артық пайдалануды азайту үшін ішкі процестер оңтайландырылған
-қозғалыс датчиктері бар энергия үнемдейтін шамдар қолданылады
-су үнемдеу жүйелері мен заманауи крандар енгізілген
-операциялық блоктарда «жасыл операциялық бөлме» жобалары жүзеге асырылуда
-лифтілерді пайдалану кезінде пациенттер мен медициналық қажеттілікке басымдық бере отырып, тиімді қолданылады
Бұл – ресурстарды жауапкершілікпен пайдалану және UMC-дің экологияға әсерін азайтуға бағытталған жүйелі жұмыс.
Апталық бағдарламасымен сілтемелер арқылы таныса аласыз: https://www.instagram.com/p/DXWip-kDDoN/?img_index=1
Әлеуметтік желілерде бастаманы қолдаңыз:
#UMCGoGreen
UMC-тің экологиялық тұрақтылығын арттыру бойынша өз идеяларыңызды ұсыныңыз 💚
