2026 жылғы 06-10 сәуірде Тараз қаласында “Қарқынды терапиядағы респираторлық қолдау” симуляциялық курсын өткізу жоспарлануда | Корпоративный фонд "University Medical Center"

«University Medical Center» корпоративтік қоры “Mindray Medical Kazakhstan” ЖШС-мен бірлесіп 2026 жылғы 06-10 сәуір аралығында жоғарыда аталған мақсатты аудитория үшін «Қарқынды терапиядағы респираторлық қолдау» тақырыбында 40 сағаттық симуляциялық курс өткізуді жоспарлап отыр. Курстың нұсқаушысы — Лоайса Уго Карлос, Педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық GISP тобының үйлестірушісі.

Өткізілетін орын: Тараз қ.

Курс құны: бір тыңдаушы үшін 232 000 (екі жүз отыз екі мың) теңге (ҚҚС есебімен).

Симуляциялық курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Іссапар шығындары негізгі жұмыс орны есебінен төленеді.

Оқытуға өтініш беру алгоритмі “симуляциялық курстар”бөлімінде орналасқан.

Қосымша ақпарат алу үшін электрондық мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: l.fink@umc.org.kz

және телефон арқылы: +7 (7172) 69-25-31, +7(7172) 69-24-71

Запись на кт/мрт