Назарбаев Университетінің медицина жөніндегі вице-президенті – Медицина Мектебінің деканы Массимо Пиньятелли және «UMC» КҚ Басқарма Төрағасы Ж.Ш. Жұмаділовтің Қор құрамына кіретін клиникалардың ұжымдарымен кездесуі өтті | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2019 жылғы 11 желтоқсанда «University Medical Center» корпоративтік қорының («UMC» КҚ) Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Назарбаев Университетінің медицина жөніндегі вице-президенті – Медицина Мектебінің деканы Массимо Пиньятелли және «UMC» КҚ Басқарма Төрағасы Ж.Ш. Жұмаділовтің Қор құрамына кіретін клиникалардың ұжымдарымен кездесуі өтті.

Жиында сөз алғандар «UMC» корпоративтік қорын академиялық медициналық орталыққа трансформациялау барысы және жоспарланып отырған шаралары жөнінде айтып берді. Бүгінгі таңда бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды, атап айтқанда көрсетілетін медициналық қызметтердің бейініне қарай стационарлық және амбулаториялық көмек көрсететін клиникалық бөлімшелерді біріктіретін клиникалық академиялық департаменттер құрылды. Зерттеу жұмыстарын дамыту мақсатында «UMC» корпоративтік қоры Назарбаев Университетінің Биомедициналық кеңесі аясында еліміздің жетекші ғылыми мектептерімен, институттарымен, клиникаларымен белсенді түрде ынтымақтаса жұмыс істеуге көшті. Корпоративтік менеджмент жүйесін жетілдіру жұмыстары қолға алынды. Басқарудың жаңа ұйымдастырушылық құрылымы енгізіліп жатыр. Жалпы алғанда басталған және жоспарланып отырған барлық өзгерістер «UMC» корпоративтік қоры қызметін жаңа сапалы деңгейге көтереді.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында өткен бүгінгі кездесу барысында Назарбаев Университеті мен «UMC» КҚ басшылығы ұжымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтады. Еңбекте ерекше көзге түсіп, елеулі жетістікке жеткендерге ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары мен Мақтау қағащздары табыс етілді.

Запись на кт/мрт