Өкпе тамыры гипертензиясы бойынша І Симпозиум | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Өкпе тамыры гипертензиясы бойынша І Симпозиум

«The Blue Vessel Forum: Innovations, Insights & Impact on Pulmonary Hypertension»

«University     Medical     Center»     қорпоративтік     қоры     2026     жылдың 25 сәуірінде  Астана  қаласындағы медициналық  іс-шара  — «The Blue Vessel Forum: Innovations, Insights & Impact on Pulmonary Hypertension» симпозиумын өткізуін жоспарлағанын хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты – кадиолог, кардиохируг, жалпы тәжірибелік дәрігерлері, пульмонолог, радиолог, анестезиолог-реаниматологтар, интервенциялық кардиолог дәрігерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, өкпе тамыры гипертензиясын анықтау және емдеуге қатысатын мамандарды біріктіретін және профессионалдық түрде білімдерін арттыратын симпозиум форматындағы дәрістер оқу және клиникалық ойлауды дамытатын кейстарды ұсыну.

Мұнда білім, клиникалық ойлау және логика — бәрі бір мақсатқа, өкпе тамыры гипертензиясы анықталған науқастарға уақытылы қажетті ем көрсету бойынша мамандардың білімін арттыруға бағытталған.

Іс-шара бағдарламасына:

  • Өкпе гипертензиясын емдеудегі жетекші мамандардың (кардиологтар, кардиохирургтар, радиологтар, интервенциялық кардиологтардың) дәрістері;
  • Әрбір өкпе тамыры гипертензиясының түріне сай клиникалық кейстерді ұсыну;
  • дәрігерлермен ашық «сұрақ–жауап» диалогы кіреді.

Іс-шараға Астана қаласының медициналық ұйымдарынан кардиологотар, кардиохируртар, жалпы тәжірибелік дәрігерлерді, интервенциялық кардиологтарды, пульмолог, радиологтар, анестезиолог-реаниматологтарды өкпе тамыры гипертензиясы бойынша симпозиумға қатысу үшін шақырылады

Қатысушыларды тіркеу іс-шара өтетін жерде тікелей жүргізіледі.

Іс-шара қатысушыларына білімдерін арттыруға, заманауи зерттеу әдістері мен емдеу шараларын үйренуге, сондай-ақ кәсіби даму мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді

Алдын ала онлайн тіркелу: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdU3Pz0qMlK5vACLMZ-1Snn-ZJ2a56ZGZdJyP7MYQABI7k17A/viewform?usp=dialog

Іс-шара бағдарламасы: https://umc.edu.kz/wp-content/uploads/2026/04/programma-simpoziuma-po-lg-2026-1.pdf

Өткізілетін күні: 2026 жылғы 25 сәуір

Тіркеу уақыты: 08:00

Формат: бетпе-бет

Өткізілетін орын: Астана қ., Тұран даңғ., 38, «UMC» КҚ Жүрек орталығы, 1- қабат, үлкен мәжіліс залы

Байланыс ақпараты:

E-mail: kuzhakhmetovaas@gmail.com

Телефон: +7 (707) 639 93 59