UMC Medical Assistance | "University Medical Center" корпоративтік қоры

UMC Medical Assistance

UMC MA — «University Medical Center» ҚҚ және «Архимедес Казахстан» ЖШС консорциумының медициналық сервистік компаниясы.

Қызметін University Health Center медициналық орталық негізінде жүзеге асырады.

UMC MA мақсаты — сақтандырылған тұлғаларды жоғары деңгейдегі кешенді медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

Орталықтың форматы медициналық қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді: әр түрлі маман дәрігерлердің кеңесін алу, лабораторлық зерттеуден, функционалдық диагностикадан өту мүмкіндігі.

Диагностика: барлық мүшелердің УДЗ-диагностикасы, ЭХО КГ, ЭКГ, УДДГ, лабораторлық, құралдық зерттеулер.

Жоғары білікті мамандар консультативтік көмек береді: терапевт, кардиолог, эндокринолог, хирург-травматолог, офтальмолог, оториноларинголог, психотерапевт, акушер-гинеколог.

Шетел студенттерін ағылшын тілінде сөйлейтін маман (терапевт) қабылдайды. Клиникада және басқа медициналық ұйымдарда медициналық көмек алу үшін ағылшын тілінде сөйлейтін мамандар ертіп жүреді.

Қосымша қызметтер:

  • физиопроцедуралар, уқалау;
  • емдеу кабинетінің қызметтері: теріастылық, бұлшықетішілік дәрі құю, көктамырдың ішіне сұйықтық құю;
  • күндізгі стационар қызметтері;
  • тұмаудан вакциналау;
  • 086 нысанындағы жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өту;
  • флюорографиялық зерттеу.

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 53 (Назарбаев Университеті)

  • 24-ші блок, 1 қабат, 69 кабинет (дәрігер терапевт);
  • 19-ші блок, 2 қабат, кезекші дәрігер кабинеті;
  • С2 блогы, 1 қабат, 1069 кабинет (үйлестіруші).

Келушілердің ыңғайлылығы үшін UHC негізінде дәріхана да ұйымдастырылған —24-ші блок, 1 қабат, 046 кабинет.

Жұмыс кестесі:

University Health Center кампусындағы медициналық орталықтың 

24-ші блок — ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, телефон: 8 (7172) 69-27-27, ұялы: +7 701 032 64 35

Кампустағы кезекші дәрігерлердің

19-ші блок — ДС-ЖМ сағат 20:00-ден 8:00-ге дейін, СН, ЖС — тәулік бойы

“JysanGarant” СК үйлестірушісі

С2 блогының үйлестірушісі — ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін

Ұялы телефоны: +7 700 748 63 07

Сақтандырылған тұлғаларға қызмет көрсету сапасы

  • Сақтандырылғандармен байланыс құралы ретінде кері байланыс (email (jghi@nu.edu.kz), телефон/Whatsapp +7 700 748 63 07 арқылы).
  • Өтініштерді уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау және сақтандырылғандарға жауап жіберу үшін келіп түскен өтініштердің мониторингі.
  • Сақтандырылғандарды енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандыру, ақпарат тарату.

Сақтандырылған тұлғалар үшін қолжетімділік пен ақпараттылық мақсатында кампус негізінде “JysanGarant” СК үйлестірушісінің кабинеті ашық, онда қызметкерлердің:

  • сақтандыру бағдарламалары бойынша кеңес алуға,
  • ШЕШ сертификатын алуға,
  • Архимедес Казахстан филиалдарының жұмыс кетесі бойынша ақпарат алуға,
  • медициналық орталық мамандарының қабылдауына жазылуға,
  • қызмет көрсету сапасы бойынша тілектерін қалдыруға мүмкіндіктері бар.

Медициналық қызмет көрсетудің барлық сұрақтары бойынша ақпарат алу үшін мынадай телефондар бойынша Сall-орталыққа өтініш жасау қажет:

KCell, Active, Beeline абоненттері үшін 2828, клиенттер үшін кез-келген аймақтан қоңырау салу тегін.

Алматы қаласы бойынша: телефондар: + 7 (727) 2 444 680; + 7 (727) 2 444 698.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша: телефондар + 7 (7172) 99 95 95; + 7 (7172) 99 96 56; +7 (7172) 69 27 27, +7 701 032 6435

Атырау қаласы бойынша: +7 701 951 16 46 үйлестіруші Арайлым Майтанова.

Аймақтар бойынша: 8 800 080 52 52 — стационарлық нөмірден қоңырау тегін (Қазақстан Республикасының барлық аймақтары үшін).